Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әлеуметтік желілерде ауыр жұмыстан кейін жерде демалып жатқан өртсөндірушілердің суреті жарияланды. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында сегіз тәулік дала өртенді, осы уақытта өртсөндірушілер тынбай еңбектенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. 

8 маусымға қараған түні облыстық ТЖД өкілдері аудандағы барлық өрт ошағы сөндірілгенін хабарлады.

 

Өртті сөндіруге 540 адам мен 70 техника жұмылды. Алғашқы күндері жалынды сөндіруге жел кедергі болған. Ол басылған соң үлкен ошақтарды оқшаулауға мүмкіндік туған. 

Еске салайық, жүздеген ірі қара малдың қырылып қалуына себеп болған өрт туралы 4 шілдеде мәлім болды. Облыстық ТЖД өкілдері Ұлытау ауданы аумағындағы 12 табиғи өрт ошағы мен жалпы ауданы 263 гектар жанып жатқан 10 даланы бақылауға алынғанын хабарлады. Өрт салдарынан 200 бас ірі қара мал қырылды.

Сондай-ақ, далада ер адамның көлігі мен күйген денесі табылды. Кейін марқұмның туыстары жігіттің есімі Бейбарыс Ескендір екенін, ол құтқарушы мамандығында оқығанын, туған ауылына жақын маңдағы өртті сөндіруге өз еркімен барғанын айтты.

 

 

Рубрика: