Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласындағы әйелдің үш баласымен бірге секіріп кеткен қайғылы оқиға туралы куәгер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Дауыстарды естідім. Сегізінші қабаттағы әйел айқайлап: «Не істеп жатсыңдар, не лақтырып жатсыңдар», — деді. Қыз жүгіріп келіп шыңғырып жіберді, одан кейін ер адам келді, оның соңынан мен келіп осының барлығын көрдім», — дейді өзін Владимир деп таныстырған куәгер.

 

Оның айтуынша, көп қан болған, әйел мен балалар ек бетімен құлап жатқан.

«Балалар жатыр, кішкентай бала әлі демалып жатқан еді, мен жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Барлығы қоңырау шала бастады. Жедел жәрдем келді. Содан соң мен кетіп қалдым. Олардың құлаған кезін көрмедім, көзім нашар көретіндіктен, бірнәрсенің ұшып бара жатқанын ғана аңғардым», — дейді Владимир.

Ол әйелді әдетте балаларымен ойын алаңында серуендеп жүрген кезінде көретіндігін қосып өтті. Куәгердің сөзінше, отбасы көпқабатты үйде бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрған.

Рубрика: