Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әуеликөл ауданы, Бағалы ауылында 42 жастағы мектеп мұғалімі өз-өзіне қол жұмсады. Оған Қостанайдан келген ер адаммен төбелесу себеп болған, себебі жанжал барысында мұғалімнің кәмелетке толмаған оқушымен ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болғаны туралы ақпарат ашылып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Toboloinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті суицид фактісін растады.

«Жыныстық қатынаста болу фактісі оқушының жергілікті мектепте оқып жүргенде және спортпен шұғылданған кезде болған. Кейін оқушы Қостанайға кетіп қалған, қазір оның жасы 17-де. Онда ол 50 жастағы ер адаммен танысып, мұғаліммен алғашқы жыныстық қатынасы туралы айтып берген. Мұны естіген ер адам мұғалімге сабақ болсын деп, үйіне келіп, ұрып-соғып, зорлау туралы арызбен қорқытпақ болған», — дейді жергілікті тұрғын.

Өзіне-өзі қол салған мұғалімнің артында үш баласы қалды.

Рубрика: