Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әлеуметтік желіде қызын Украина азаматына ұзатып жатқан отбасының видеосы тарады. Видеодан украиналық құдалардың қазақтың жөн-жоралғысына сай барлық кәделерін — қалыңмал, той малы мен өлі-тірісін қыздың ата-анасына табыстау сәтін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны жариялаған автордың жазуынша, құдалық Маңғыстау облысында болып өткен.

«Оның қасында Нигерия жігітіне кетіп жатқанда, Жаңаөзен жақта қазақ қызы Украина жігітіне тұрмысқа шықты. Не дейін енді, Слава Украине деп қояйын», — дейді Жанат Есентай видео сипаттамасында.

Құдалықтың ең қызықты сәті желіге қалай таралып кеткені белгісіз. Онда шетелдік құданың қалыңмалды табыстап жатқаны көрсетілген. «Құрметті келінім, біз мұнда әр елден Украина, Канада, Қазақстан, Ресейден жиналып отырғандықтан, қалыңмалды доллармен береміз, 2 миллионнан сәл асады. Ал екіншісі той малы, дәл сондай валютада, рубльге, теңгеге ауыстыра аласыздар, үшіншісі өлі-тірі, өмірден өткен бабалардың рухына бағыштау үшін. Ал ең бастысы, анасына деген сыйлығымыз. Ана деген өте қасиетті ұғым. Біз мына алмасты қызыңызға алмастырғымыз келіп тұр. Бұл сізге сүт ақысы», — деп ұсынды украиналық құда әкелген кәделерін болашақ келінінің ата-анасына.

Сөз соңында шетелдік құда қыздың әкесімен төс қағыстырып, құдағиының қолынан сүйді. Пікірлер арасында құдалықтың Сайын Шапағатов ауылында болып өткені, екі жастың Канадада оқып жүргенде танысқаны туралы айтылған. Желі қолданушыларының видеоға қатысты ойы екіге жарылды. » Бақытты болсын! Украиндыктар жаксы халық, біздің дәстүрімізді сақтап сыйлап отыр ғой», » Бақытты болсын! Оң жақта отырып қалғаннан жақсы ғой ,аман болсын!», — дейді олардың бір тобы. Қарсы пікір білдіргендер шетелдікпен шаңырақ көтеру қазақ қыздары үшін сәнге айналғанын айтуда. «Сәнге айналып барады басқа ұлтқа қыз беру», «Еуропа, Қытай мен Нигерияға күйеуге шығу сәнге айналып бара ма?

Түркі тілдеске шыққанға таң қалушы едік. Күннен күнге дәстүр, салтымыз, тәртіміз өзгеріп жатыр, Украинға шыққан қызға бақыт тілейміз, басқа амал жоқ», — дейді желі қолданушысы.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: