Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Токиодағы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері Давид Дегтярёв Қазақстанға оралды. Чемпион мінген ұшақ бүгін түнде сағат 1-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы әуежайға қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Әлемдік додада топ жарып, ел мерейін асырған оғланға, жанкүйерлері зор құрмет көрсетті. Ол пауэр-лифтингтен  54 келі салмақ санатында үздік атанды. Осылайша, жерлесіміз аталған ойындарда алғашқы алтынды, ел қоржынына салды.

 

Спортшының айтуынша, жүйелі жаттығу мен жақындарымның риясыз сенімі оны жеңіске жетелеген.

“Бәрі тамаша өтті. Қалайда алтын аламын деген ойым жүзеге асты. Әрине, ол алдымен жаттықтырушымның ақыл-кеңесінің арқасында. Сондай-ақ маған сенім артып, жігер сыйлаған отбасым, достарым, күллі Қазақ елінің қолдауынсыз мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді”, – дейді Давид Дегтярёв. 

Жеңіс үшін спортшы 250 мың доллар алады. Паралимпиадашы гонорарын қайда жұмсайтыны құпия болып қалатынын айтты. 

“Давид өте елгезек шәкірт. Айтқаныңды бірден қағып алады. Сондықтан онымен жұмыс істеу маған аса қиынға соқпады. Кешегі жеңісін төккен тер, табанды еңбектің ақталғаны деп білем. Енді келесі жарыстарда да дәл осылай топ жару керек”, – дейді жаттықтырушысы Юрий Колесников. 

Еске сала кетейік, Давид ұлттық құраманың қоржынына әзірге жалғыз алтын медаль әкелген спортшы. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 174 келілік штанганы көтерді. 

Рубрика: