Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қырғызстанда әйел Созақ полициясына жүгінген. Ол қайын атасының үстінен арызданған, — деп хабарлайды 24.kgке сілтеме жасаған massaget.kz

Прокурордың көмекшісі Нұрайым Қатағанованың айтуынша, өтініш мамырда тіркелген. Әйел күйеуінің әкесі зорлап, соққыға жыққанын айтқан. Бұл дерек бойынша тергеуге дейінгі тексеру басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сарапшылар әйелдің соққыға жығылып, зорланғанын растаған.

Тексеріс қорытындысы бойынша Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалған. Жәбірленушінің жұбайының әкесіне айып тағылған.

Прокуратура тергеу аяқталып, материалдар сотқа жіберілгенін хабарлады. Әйелдің қайын атасы ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған.

 

Рубрика: