Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев пен «Оператор РОП» істері бойынша кей деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Комиссия өкілдері аса ірі көлемде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар даулы істер қатаң бақылауда екенін айтты. 

«Қазіргі уақытта тергеу органдары қабылдаған шаралардың арқасында 230 миллиард теңгеге жуық қаржы шетелден қайтару жолымен орны толтырылды. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп жатқан іс бойынша күдіктілер өз еріктерімен Люксембургтен 170 миллион доллардан аса қаржыны қайтарды. «Қазақтелеком «АҚ және «Көліктік сервис орталығы» АҚ және өзге де компаниялар мүлкін ұрлау деректері бойынша тергеу органдары 36 миллиард теңгені қайтарды», – делінген комиссия хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігі Боранбаевқа қатысты істі тергеу кезінде «ҚазМұнайГаз» АҚ-на 11,3 миллиард теңге қайтарған. 
Жамбыл облысында «Тараз Энергосбыт» АҚ мемлекеттік ұйымына 2,2 миллиард теңге қайтарылды. 

«Оператор РОП» ісі бойынша 180 миллиард теңге жуық қаржыны жымқыру әрекеті болдырылмады, мұндағы 100 миллиард теңге жеңілдетілген автонесиелеуге жұмсалды», – деп қосты комиссия өкілдері. 

Күдіктілердің шетелдегі және елдегі қылмыстық активтерін анықтау және тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Рубрика: