Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласы әкімінің халыққа есеп беруі кезіндегі «Иттермен сөйлесіп, ескерту бердік» деген полицейді сынның астында қалды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеодан полиция қызметкерінің «Иттермен сөйлесіп, ит-мысықтармен біраз неғып.. Ескерту бергенбіз оған», деп айтқан сәтін көруге болады.

Видеоны көрген көпшілік арасында полицейдің өзіне ескерту бермей, бірден айыппұл салған сәтін есіне алып ренжігендер болды.

«2023 жылы біздің полицейлер қасқырлармен сөйлеседі». «Тыңдамаған мысық пен иттер атылса өздерінен көрсін». «Не деген құрмет. Тілін үйреніп, түсіндірген еңбегін бағалайық. Әлемді қайран қалдырайық мына жаңалық Қазақстан деңгейінде қалмасын», — деп жазған олар.

Рубрика: