Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Mudarabah Capital» салымшылары Қазақстанның әр өңірінен жиналып, Бас прокуратура алдында наразылықтарын білдірді. Олардың басты талабы қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс тікелей Нұр-Сұлтанда қаралсын дейді. Өйткені Алматының полиция департаменті істі әділетті жүргізубеуі мүмкін деп күдіктенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасының барлық қатысушысы түгел жазаласын деген «Mudarabah Capital»-дың салымшылары істің ушығып кеткеніне тікелей Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановты айыптап отыр. Айтуларынша, нағыз кінәлілер бостандықта жүр. Сондықтан олар қылмыстық істі Бас прокуратура немесе Ішкі істер министрлігіндегі тергеу департаментінің тікелей қарауын талап етеді. 

«Құрманғалиев Алмас, Құрманғалиев Шыңғыс, сосын бухгалтер Дәния Рахимова бар. Олар негізгі қатысушылар. Дәния басқа бухгалтерлерге өзін қамауға алса, барлық жүйені жайып салатынын айтқан. Сондықтан Ішкі істер департаменті кедергі келтіріп отыр», – дейді салымшы Құрманғазы Сапарбаев. 

«Біз Прокурордан әділдікті талап етеміз. Әбдірахманов біздің тірлігімізді жүргізсін. Жүргізе алмаса, осы Нұр-Сұлтанға берсін. Нұр-Сұлтан қаласындағылар әділ шешім шығарсын, қарапайым халықты жылатпасын», – деп қосты Айсұлу Термекбаева. 

Тікелей Президенттен көмек сұраған салымшылардың арызын бас прокуратура 3 күннің ішінде қарастырып, бір шешімін шығарамыз деп уәде етіпті. 

Арыз жазылғаннан кейін бұл кісілерге ресми жауап беріледі», – деп мәлімдеді Бас прокуратураның кезекші прокуроры Ілияс Сандыбаева. 

Қаржы пирамидасына салған қаражатымыздың ай сайын 20 пайызы көлемінде ақшасын алып отырамыз деп алданып қалған салымшылар бұл жолы да қолдарына жанармай мен шырпы ала барыпты. Ал азаматтардың дәл осындай әрекетке барып, талап етуі құқық қорғау саласының әлсіздігі дейді адвокат Абзал Құспан. 

«Бір жарым жыл бойы ештеңе істемеді. Тек бір әйел адам келіп, үстіне бензин құйып жіберген соң ғана дереу оны ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі етіп қамап тастайды. Енді бұл жағдайдан кейін ертең кез-келген құқығы бұзылған азамат әділдікті осы әркетпен қалыпына келтіреміз деп осындай әрекетке барады», – дейді заңгер Абзал Құспан.  

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаметінің орынбасары Рүстем Әбдірахманов салымшылардың өздері алданып қалғанда тікелей блогерлердің жазалануын сұрап еді дейді. Ал қазір керісінше Мейіржан Төребаевты бостандыққа шығаруын талап ететіндері түсініксіз екенін айтқан. Ал ел-жұртты «Mudarabah Capital»-ға ақша салуға үгіттемедім деп ақталған блогердің адал ақшаны дәл осы компания арқылы табуға болады деген жазбасы әлеуметтік желі де тарап кетті. 

Рубрика: