АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Индира Расылхан әншілерді шегіртке деп сынайтын көпшілікке жауап берді [:]

[:kz]

Эстрада жұлдызы Индира Расылхан әншілер қауымын сынға алатындарға шүйлікті. Өнер иесі әртістер жайлы түрлі қауесеттер тарататын жандарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Карантин салдарынан көптен бері концерттерге шыға алмай жүрген Индира Расылхан әріптестерімен бір сахнада қайта қауышқан. Бұл жайтқа қатты қуанған шоу-бизнес жұлдызы желіде өз әсерімен бөлісті. Оған қоса, өнер иесі әншілерді көп сынап, оларға қатысты шындыққа жанаспайтын әңгімелерді тарататын адамдар жайлы өз ойын айтты. Эстрада жұлдызы түрлі өсек-аяңдарға еті үйреніп қалғанын және бос әңгімелерді елемеуге тырысатынын айтты.

«Кешегі Мұқағали ағамыздың 90 жасқа толған туған күн кешінде осындай басқосу болды. Концертті қатты сағынып қалыппыз ғой. «Мына шегірткелер той мен концерт ашылып, құтырып қалыпты» деген пікірлерді де естіп жатырмыз. Не көрмедік? Не естімедік? Бәрін де көтеруге дайынбыз. Ең бастысы, халқымыз аман, еліміз тыныш. Ал қалған «оттағанский» әңгімелерді елемеуді үйреніп келеміз. Сіздер біздегі өсекке деген иммунитетті бойымызда шыңдадыңыздар. Рахметімді жаудырамын», — деп жазды әнші.

 

kaz.nur.kz

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

[:]