Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы полициясы үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғанын айтты. Полиция мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық негіздегі жанжал себеп болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 22 қарашада түс ауа «Жетісу» ықшамауданында болған.

«Тергеудің осы кезеңінде 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас негізінде жұбайымен жанжал болған. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырған», — делінген полиция хабарламасында

 

Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.

Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Кейін куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді.

 

 

 

 

Рубрика: