Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова сот залынан үй қамаққа жіберілген жоқ. Сот адвокаттың айыпталушыны үй қамауына ауыстыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменованың адвокаты айыпталушыны үй қамағына ауыстыруда сұраған еді.

Алайда сот адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Бұған дейін 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот өткенін хабарлаған едік.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.

Енді сот отырысы бүгін, 12 тамызда қайта жалғасты.

Еске сала кетелік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың 13 наурызында тағайындалған. Бұл тағайындауға дейін алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікке ілінген. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Рубрика: