Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Майра Ілиясоваға жазба арнады. Ол өнердегі әріптесіне сотталып кеткен лагерь тәрбиешісі Әлібиге деп жиналған ақшаның есеп беруді тағы да талап етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Әлібиге жиналған төрт миллион көлеміндегі қаражаттың қайда кеткенін халыққа көрсетілгенін қалайды. Бұл орайда, әнші ақша жіберілген картаның Ілиясовада болғанын алға тартып, одан есеп беруді қайтадан талап етті.

Оның сөзінше, карта иесі ауылда тұрады. Ал қаражат елорда банкоматтерінен шешілген. Оның үстіне Әлібидің әпкесі картаны Майра Ілиясоваға түсірілімдердің бірінде өзі табыстағанын айтқан.

«Алтыннан ардақты Майра апкем, сіз Пайғамбар жасынан асқан адамсыз. Сізді айыптайтын мен емес.

Карта сізде болды(Каспи голдтың видеолары бар, сол мерзімде картадан ақшаны кім шешкені) Каспи голдке түскен ақша, оны кім шешіп отырғаны тіркелген) Нұрбақыт әпкесі, интервью берді телефоннан, «карточканы бір түсірілімге барғанда, Майра апкеге бердім» деп. Қан жұтып отырып, ол неге өтірік айтады. Нұрбақыт Ақтөбенің бір ауылында тұрады, ал жиналған ақша Астанадағы банкоматтардан шешіліп отырған. 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Әпке, халыққа есеп беріңіз. Осы ғана талап. Ол менің ақшам емес, біз сауатты адамдармыз. Ереже сондай. Адвокатты жалдағанда келісім — шарт бар ғой? Соны желіге салыңыз. Болды! Бәріміздің мақсатымыз бір! Әлібиге әділдік. Сіздің тамыр-таныстарыңыз көп, шашбауыңызды көтеретін, концертке қоспай қояды дейтіндер бар, бірақ судың да сұрауы бар, әпке», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оған ұоса, Түсіпбаева бұл мәселе жайында Ілиясовамен қыста сөйлесіп, бір мәмлеге келе алмағанын жеткізді. Нәтижесінде, ол өнердегі әріптесін бұғаттауға мәжбүр болған.

«Біз, осы мәселе туралы қыста сөйлескенбіз , бетіңізге айтып, келісе алмай, сізді бұғаттауға мәжбүр болдым. Адвокат, Әлібиді 7 рет Алишер дегенде, мен наразылығымды білдіріп, Асхат Маемировке де , Меруерт Өтекешоваға де ашық айтқанмын. Енді, Әліби соққыға жығылып, соқыршегі жарылып ауруханағы түсті дегенде шыдай алмадым. Жаздым! Қайтем енді? Тілкеспе жоқ. Адвокаттар алған қаржыны келісім- шартпен алу керек қой. Сол есепті салыңыз желіге. Талап сол ғана. Казір , адвокат ауысты. Абзал Құспан тегін қорғайды. Бірақ, жолына, жүріп — тұруына тағы ақша жинаймыз. Менi сотқа беремін депсіз. Беріңіз. Танысыңыз көп, Астанада тұрасыз. Әділетсіздік жайлаған заманда, басқа түскенді көрерміз», — деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева желіде Майра Ілиясоваға жазба арнап, одан Әлібиге жиналған төрт миллионның есебін талап еткен болатын. Ілиясова өз кезегінде әншінің сөздерін теріске шығарып, оны негізсіз айыптаулары үшін сотқа беретінін айтты.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: