Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың шаңырақ көтерейін деп жатқанын растады. Ол қалың көпшілікке болашақ келінін таныстырып, қалыңдықтың ата-анасы туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова үшінші рет келін түсірейін деп жатқанын Instagram парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, Заңғардың таңдауы Жібек есімді қызға түскен. Қос ғашық тоғыз жыл бойы кездескен. Жұлдызды отбасы бірер күн бұрын болашақ құда-құдағиларымен танысып, «тәтті шай» рәсімін өткізген.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

«Сүйінші! Менің бауырларыма айналған, бүкіл сырыммен бөлісетін, құласам — демейтін, көтерілсем — тілекшілерім, қиындықта қолдап-қорғайтын, қуанышымды бөлісетін сүйікті оқырмандарым! Өткен жолы сторисыма салған болатынмын шет жағасын. Енді, мінекей, сіздерден сүйінші сұрағалы отырмын. Нұртас әулетіне тағы бір келін қосылмақ. Есімі — Жібек. Ол сүйіншіме менің кішкентай жүрегім — Заңғар баламызға бақыт тілеп қойсаңыздар болғаны. Жібектің ата-анасына дастархан жайып, алдарынан өтіп, той мәселесі жайында келісім жасадық. Қарапайымдылығы, мінезі өзіміз күткендей болып шықты. Ең бастысы, келін адалынан болсын», — деп жазды продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін Заңғар Нұртастың үйленгелі жүргені белгілі болған еді. Қайрат Нұртастың інісі қалың көпшілікке алғаш рет сүйіктісін көрсетті.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: