Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Швейцария мен Өзбекстанның әділет министрлігі экс-президенттің қызы Гүлнар Кәрімованың 131 миллион долларға тең активтерін елге қайтару бойынша соңғы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

16 тамызда Берн қаласында Өзбекстан атынан әділет министрі Русланбек Даулетов, ал швейцария атынан президент Иньяцио Кассис келісімге қол қойды. 

«Келесімге қол қою нәтижесінде Швейцария 131 миллион долларды тез арада Өзбекстан халқына қайтаруы керек. Бұл қаржыны Г.Кәрімова басқарған және Швейцарияда заңдастырылған ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз иемденіп алған», – делінген хабарламада. 

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес заңсыз шығарылған қаржыны елге Өзбекстанға қайтару механизмі мен негізгі принциптері келісімшарт негізінде белгіленеді. 

«Реституция Uzbekistan Vision 2030 траст қоры арқылы жүзеге асырылады», – делінген хабарламада. 

Әділет министрлігінің өкілдері қайтарылған қаржы негізінде жүзеге асырылатын жобалардың Өзбекстандағы БҰҰ салалық агенттіктері арқылы жүзеге асырылады. 

Кәрімова 2015 жылдың тамызында салық төлеуден қашқаны үшін сотталған. Ал 2017 жылдың 18 желтоқсанында тағы бір қылмыстық іс аясында бас бостандығынан 10 жылға айыру жазасы тағайындалды. 2020 жылдың 18 наурызынан бастап жаза мерзімі қылмыстық іс аясында тағы да 13 жылға дейін ұзартылды. 

Рубрика: