Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғаларына және «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Сатыбалды Гүлмираға қатысты 2019 жылы Алматыдағы Универсиада-2017 нысандарының іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін төленген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — делінген Антикор хабарламасында.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: