Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бекет бақылаушысы тергеу-қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер дерегі анықталған жоқ», — делінген хабарламада.

Қазір Облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салайық, мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстары Ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген болатын.

Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақшалай қаражат пен мүлікті алды деген күдікке ілінген болатын.

Рубрика: