Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Танымал әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың көрген түсі үнемі болмаса да, көбінесе сәйкес келіп жатады екен. Екі жыл бұрын әнші Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирустың елге келетінін алдын ала сездірген аянға ұқсас бір түс көріпті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Түсінде үш басты алып айдаһар Алматыға жер бауырлап жетіп қалған екен. Арандай аузын ашса болды, жан-жағын түгел жайпап тастайтындай қорқынышты екен. Адамдар оның аузын кең аштырмауға барынша әрекет етіп, әбігер болып жатса керек… Ақыры біраз уақыттан соң айдаһар кері шегінген секілді. Бірақ әнші біраз адамның сұлап жатқанын анық көрген.

Былтырдан бері әлем халқы ауыр жағдайды бастан өткеруде. Дүниежүзі бойынша COVID-19 індеті 4,96 миллион адамның өмірін жалмады. Елімізде де өткен жылы маусымның соңы мен шілдеде болған аурудың өршуінен талай адам жақындарынан айырылды. Биыл да оңай жыл бола қойған жоқ. Бұл індет әншіні де айналып өтпеді.

Түс көрген уақытта оның нендей апатты меңзейтінін сезген жоқпын. Кейін мына коронавирус әбден үдей бастағанда түсім осы індеттің аяны екен-ау деп ойладым. Адамдар вакцинадан кейін еркінсімей, бетперде тағып, санитарлық талаптарды сақтап жүргені дұрыс

— дейді Гауһар Әлімбекова.

Танымал әнші-сазгер бүгінде шығармашылығын мықтап қолға алған. Оннан астам ән жазып, оны ғаламтор арқылы тыңдармандарына ұсынып жүр.

«Кейінгі уақытта «Жас келін», «Үміт әні», «Қош деме ешқашанда», «Жазғы жауын», «Күзгі жаңбыр» деген әндерім жарыққа шықты. Енді карантин шектеулері алынса, ел-елді аралап жеке шығармашылық кешімді ұйымдастыруға, тыңдармандарымды қуантуға мүмкіндік туатын шығар деп ойлаймын. Өнер адамы ретінде сахнаны да сағынып қалдым», — дейді әнші.

 

Рубрика: