Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Луиза Алдажанова Instagram желісін белсенді түрде қолданатын Франциядағы қазақ қызы. Он жасынан бастап Алматыда тұрып, соңғы үш жылын Парижде өткізіп жатқан ол Еуропадағы өмір мен аралас ұлттар қосыны, шетелде өмір сүрудің артықшылықтары мен кемшіліктері және бала тәрбиесі туралы жиі жазып тұрады. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген

Луиза екі елдің айырмашылықтарына тоқталып, түрлі ұлттардың Францияда қалай өмір сүріп жатқаны туралы ойымен бөліскен болатын.

«Менің Францияда тұрып жатқаныма үш жыл болды. Аталған елге сүйіктіммен бірге болу үшін көшіп келдім. Ал өзім 24 жастамын. Қызылорда қаласында дүниеге келгенмін. Бірақ он жасымнан бастап әжем, анам және ініммен бірге Алматыда тұрдым. Осы аралықта екі ел арасындағы айырмашылықтарды айтарлықтай сезініп қалдым. Қарапайым ғана мысал айтып берейін. Францияда балам бес күн бойы ауырды. Сол кезде ол жақтағы дәрігерлер парацетамолмен ғана шектелді. Ұлымның дене қызуы түспегенін естіген анам дабыл қағып, шұғыл дәрігерге бару керектігін айтты. Яғни, мұнда бәрі де сәл басқашалау. Баланың дене қызуы көтерілгені үшін ғана байбалам салуға болмайды», — дейді ол

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Louisa Aldazhan Yapende🌸 (@louisaaldazhanova)

Сұхбат барысында Луиза Франциядағы адамдардың теңдігіне де тоқталды. «Францияның әлемдегі мықты мемлекеттердің бірі екендігін оның ашықтығымен түсіндіретін едім. Олардың ұлттың ұраны — Liberté, Égalité, Fraternité, яғни, Еркіндік, Теңдік, Бауырмалдық дегенді білдіреді.

Сенің қандай ұлт екенің, қандай нәсіл екенің маңызды емес. Мұнда әрбір адам тең және бір-бірінен қандай да бір басымдық жоқ. Мен жергілікті француз қыздары секілді қандай да бір қызметке үміткер бола алам. Бұл жердің кімнің жұмыс істейтін жігері мықты болса, сол ары қарай өрлейді», — дейді ол. Десе де, кез келген елдегі секілді, мұнда да олқылықтар болып тұрады.

Луиза Францияның көпұлтты мемлекет болғанына қарамастан, нәсілдік кемсітушіліктер кездесетінін жасырмайды. Сондай жағдайдың бірі оның да басынан өткен. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Louisa Aldazhan Yapende🌸 (@louisaaldazhanova)

«Өз нәсіліме байланысты кемсітушіліктерге тап болғаным рас. Бұл туралы желідегі оқырмандарыма да айтқан болатынмын. Пандемия кезінде күйеуіммен бірге азық-түлік алу үшін дүкенге барғанбыз. Жасы үлкендеу ер адам қасымызға жақындап, күйеуіме қалжыңдай бастады.

Яғни, оның әңгімесі қасыңызда азиялық нәсілдегі адам тұр, коронавируспен ауырып қалмаңыз деген саяды. Әрине, біз оның қалжыңын құптаған жоқпыз, бірақ онымен сөз таластыруға да аса ынтамыз болмады», — дейді Луиза. Луиза бүгінде арғы тегі африкалық саналатын Франция азаматына күйеуге шығып, Жан-Антуан есімді сәбиін тәрбиелеп отыр. «Жолдасыммен интернет арқылы таныстық.

Нақтырақ айтсам, екеуміз ағылшын тілін үйренуге арналған сайтта бір-бірімізді біліп, кейін ұнатып қалдық. Сол кезден бері үш жыл өтті, осынша уақыт некедеміз. Үйлену тойымыз Қазақстанда өтті, осында некеге тұрып, бұл мерекемізді жақындарымыздың арасында атап өттік.

Бүгінде Жан-Антуан есімді ұлымыз бар. Жан сөзінің қазақша мағынасын бәрі де жақсы біледі. Бұл есім француздар арасында да танымал», — дейді Луиза.

 

Автор: Көркем Әли

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: