Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путин, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және басқа да жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктерді санкциялар тізіміне енгізді. Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропалық Одақтың шектеу шараларының тізіміне енді.

Бұл туралы РИА Новости ЕО ресми журналында жарияланған құжатқа сілтеме жасап хабарлайды. Еуроодақтың санкция салатын адамдар тізіміне Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, премьер-министр Михаил Мишустин, ішкі істер министрі Владимир Колокольцев және басқа да бірқатар ресейлік шенеунік кіреді.

Одан бөлек, Еуропалық Одақ Ресей үкіметі мен Орталық банкіне Одақтың капитал нарығына кіруге шектеулер қойып, мұнай өнеркәсібіне арналған технологиялар мен авиация және ғарыш саласына қажетті тауарлар мен технологияларды Ресейге экспорттауға тыйым салды. Сондай-ақ Ресеймен сауда-саттық және елге инвестиция тарту үшін мемлекеттік қаржыландыру немесе қаржылық көмек көрсетуге тыйым салу шарасы енгізілді.

Айта кетерлігі, бұған дейін АҚШ пен Ұлыбританияның Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкция салып жатқаны белгілі болды.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: