Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлеуметтік желіде пайда болған қарт кісілердің видеосы қызу талқыланып жатыр. Онда кемпірін ұзақ уақыт көрмеген ата сағыныштан әйелін құшақтап, жылап қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бір-бірін қатты сағынып қалған қарт кісілердің жылап қауышқаны Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда жасы келген қарт кісі әйелін құшақтап еңкілдеп жылап жатыр. Мауқын баса алмай, қайта-қайта кемпірінің бетінен сүйген оны кейуана жұбатуға тырысуда.

Жастары келсе де бір-бірін өлердей жақсы көретін ата-әженің әрекетіне желі қолданушылары сүйсініп, түрлі пікір қалдырған. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірлгені әзірге белгісіз.

  1. «Отыз ұлың болғанша, осырақ жарың аман болсын» деген осы», «Ескірмеген махаббат! Ата-әжеміз ұзақ жасасын», «Осы кісілердің жасын берсін! Не деген сезім!» «Шынайы махаббатың куәсі болдық,

    — деп жазды оқырмандар.

Рубрика: