Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Рухия Байдүкенова Instagram желісінде оқырмандарды қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Әншімен тікелей эфир кезінде байланысқа шыққан блогер Жан Содель оған бірқатар сауалдар қойып, өнер иесінің жауаптарын жазып алып, YouTube платформасына жүктеген.

Сұқбат барысында әнші өзінің анасының орыс ұлтынан екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жуырда Витебскіде өткен «Славян базарында» бас жүлдені жеңіп алып, ел мерейін үстем еткен Рухия Байдукеноваға деген қызығушылық артып келеді.

Оның Instagram желісіндегі оқырмандарының саны артып, жеке өміріне қатысты сауалдар қоятындар саны аз емес. Бұл тұрғыда өнер иесі де желіде тікелей эфирге шығып, фанаттарымен кері байланыс жасап тұрады. Сондай сұрақ-жауаптардың бірінде әнші өзінің анасы, жеке өмірі туралы ашық айтты.

«Орыс тілін қайдан білесіз?», — деген сауалға әншінің өз жауабы бар екен. Айтуынша, оның анасы орыс ұлтынан, алайда осыған қарамастан Рухия тоғызыншы сыныпқа дейін тек қана қазақ тілінде сөйлеген.

«Менің анам орыс ұлтынан. Есімі — Наташа. Тоғызыншы сыныпқа дейін орысша сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартатын едім. Ал кейін жалғыз өзім Астанаға қоныс аудардым. Колледжде оқыдым. Сонда үйренуге мәжбүр болдым. Колледже орысша оқыдым, оқытушылар орыс болды, көршілерім орысша сөйледі дегендей.

Бірақ, мен орыс ұлтын жақсы көремін. Мен адамды ұлтқа бөлмеймін», — дейді ол. Еске салсақ, 22 жастағы қазақстандық Рухия Байдүкенованың Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауындағы жеңіске жеткен болатын. Оған ХХХ Халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында «Лира» сыйға тартылды.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: