АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Ерке Есмахан жас жігітпен ұсталып қалды (видео)[:]

[:kz]

 

Танымал әнші Ерке Есмахан күні кеше ғана жас әнші Ернар Садырбаевпен мейрамханада отырған жерінен ұсталып қалды. Ерке осыдан бір апта бұрын ғашығы Азамат Зенқаевпен ажырасып кеткен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қос әншінің мейрамханада өзара әзілдерін айтып, шүйіркелесіп отырған сәтінен түсірілген видеоны белгілі продюсер Бағым Мұхитденова Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Мына жерде Ерке мен Ернар елден тығылып отыр. Не үшін? Шәй ішіп отырған сияқты. Кеше Ерке туған күнін атап өтті,

— дейді Бағым Мұхитденова.

Қазір Ерке мен «Әмре» лақап атымен танымал болған әнші Ернар Садырбаев екеуі Шымкент қаласында жүр. Олар бірге жаңа жылдық түсірілімге қатысып жатыр.

 

[:]