Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Түркияның қауіпсіздік күштері сенбі күні Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған қатысатын митинг кезінде жарылуы тиіс бомбаны залалсыздандырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жарылғыш зат Сиирт қаласының оңтүстік-шығысында болатын митингте жарылуы мүмкін жарылғыш затты тауып, залалсыздакерек болған, деп мәлімдеді Түркияның «Әділет және даму» партиясы төрағасының орынбасары Хамза Даг жергілікті CNN Turk арнасына берген сұхбатта.

Бомба Мардин қаласынан шыққан полиция қызметкері көлігінің астына қойылған. Ол Сииртке келіп жеткенде, жарылғышты іске қоспақ болған. Олар бейберекет тудыру арқылы митингті бұзғысы келді,

— дейді Даг CNN Turk арнасына берген сұхбатта.

Жарылғыш затты полицейлер көлікті тінту кезінде тапқан. Оны саперлер қауіпсіз жерде көзін жойды.

Қазір полицейлер күдіктілерді іздестіруде.

Рубрика: