АЛТЫНОРДА
Новости

Түркияда Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасына қатысты халықаралық симпозиум ұйымдастырылды

Астана. 19 қараша. Baq.kz – 3-17 қараша күндері Түркияның Ескішехир провинциясында «Әл-Фараби – әлемдік өркениетінің ойшылы» атты халықаралық симпозиум ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Осман ғазы» университетінде төрт күн бойы «Әл-Фарабидің филоософия, өнер және тарихтағы орны», «Әл-Фараби, Ахмет Яссауи және Абайдың философиялық жұмыстарын салыстыру», «Әл-Фараби және музыка», «Әл-Фарабидің жұмыстарындағы дін мен философия», «Әл-Фараби философиясының тәсілдері» және т.б. сияқты тақырыптары бойынша әлемнің атақты философы Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасына қатысты пленарлық отырыстарды топтастырған симпозиум өткізілді.

Симпзиум аясында Қазақстаннан, Әзербайжаннан, Ұлыбританиядан, АҚШ-нан, Испаниядан, Кипрден және басқа мемлекеттерден келген саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Түркияда және жалпы әлемде аты әйгілі түркітанушылар мен академиялық қайраткерлер баяндама жасады. Қазақстан атынан Әл-Фараби атындағы университетінің, Еуразиялық ұлттық университетінің, «Болашақ» университетінің, Философия және саяси ғылымдар институтының, Түркология зерттеу институтының, Археологиялық зерттеулер институтының 16 академиялық өкілі қатысты.

Ұйымдастырушылар көптеген ғылыми-филисофиялық жұмыстарын қалдырған және қазақ жерінде туған атақты ойшыл, әрі философтың шығармашылығын жан-жақты танытуды мақсат етті.

Ескішехирдің губернаторы Гүнгөр Әзім Туна өзінің баяндамасында өткізіліп жатқан іс-шараның қазақ жерінде туған және әлемде танымал ғылым-философты таныту үшін, сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерді паш ету үшін маңызды екендігін атап шықты. Ол қазақ философиясын қоса алғандағы, түркі мемлекеттерінің шығармашылығының әлемдегі рөлі мен маңыздылығын астын сызды. Осы орайда, губернатор Қазақстан мен Түркияның мемлекет пен үкімет басшыларының өзара сапарлармен алмасуларынан кейін жаңа деңгейге шыққан қарым-қатынастардың даму барысын атап өтті.

Әл-Фараби – философ, ғалым-энциклопедист, неоплатонизммен ортақ түптері бар шығыс аристотелизмнің ең басты өкілдерінің бірі. Оның лақап аты – Екінші ұстаз (Аристотелден кейінгісі). Әл-Фараби 870 жылы Фараб өңірінің Арыс өзенінің Сырдариямен құйылысқан жерінде Отырар қаласында (қазіргі Қазақстанның жері) дүниеге келген. Оның толық аты – Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түркі. Бағдат, Алеппо және Дамаск қалаларында өмір сүрген. Оның негізгі шығармалары: «Даналық геммалары», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Ғылымды сыныптандыру туралы трактат», «Музыка туралы үлкен кітап» және т.б.

Жалпы іс-шара жұртшылықты қатты қызықтырды. Академиялық қайраткерлер Қазақстанның мәдени және философиялық мұрасын зерттеу мақсатында Қазақстанға барып қайтуға ниет білдірді.

http://baq.kz/kk/history/744