Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Айсәуле Бақытбек енесімен қандай қарым-қатынаста екенін көрсетті. Ол екінші анасымен шетелде сусын ішіп отырған сәтін жариялап, келіндерді қызықтырып қойды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасған  altyn-orda.kz

Айсәуле енесімен демалып отырған видеода арқасы ашық көйлек киген. Екеуі стақандарын соғыстырып, бірге сусын ішуде.

«Бұл сіздерге ене емес, ана», — деп бөлісті Бақытбек.

Көпшілік ене мен келіннің жылы қарым-қатынасына таңырқай қарады. Оқырмандар мұндай жағдайдың жиі кездеспейтінін атап өтті. 

«Күйеудің анасымен қарым-қатынас барлық келіндерде осындай болсын», «Менің де енем осындай болса ғой. Енелерімізді ауыстырайықшы», «Сіздің енеңіз заманауи, көзқарасы түзу», «Мен де осындай супер ене болып, келінім мен немерелерімді жақсы көрсем ғой», «Күшті», «Мейірімді ене», — деп пікір білдірді желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбектің енесі онколог-дәрігер. Айсәуле бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шыққан.

 

 

 

Рубрика: