Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстандық файтер Николай Самусев орташа жеңіл салмақтағы NFC чемпионы титулын қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыдағы ММА турнирінде ол жерлесі Райымбек Орынбайды нокаутқа түсірді. Самусев жекпе-жектен кейін, белбеуге тағы да қазақ үміткерлік етсе, оны бере салатынын айтты.

«Ассаламуалейкум, Қазақ елі! Мен — қазақпын. Менталды тұрғыда — қазақпын! Мен осы жерде дүниеге келдім. Енді қазақтармен айқаспайтынымды айтқым келеді. Біреу үміткер болса, белбеуімді қалдырамын. Сол үшін маған басқа файтерлерді беріңдер, жарай ма?»- деді Самусев.

 
  •  

Рубрика: