Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен құда екенін растады деп хабарлайды  baribar.kz/

Менің Ардақ деген кіші қызым бар. Осы Алматыда тұрады. Содан туған Айдана деген немере жиенім бар. Сол баланы мектепте оқып жүргенде тіл үйренсін деп Жаңа Зеландияға жібергенбіз. Сол жақта мектепті бітіргеннен кейін өзі Швейцариядағы академияға «қонақ үй бизнесі» бойынша оқуға түскен. Одан кейін Испанияға барып, магистратурада оқыды. Ал төрт жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебреисустың үлкен ұлына тұрмысқа шыққан. Қазір бір қызы бар, — деді Жүрсін Ерман.

Оның айтуынша, Тедрос Гебреисус бас құда ретінде Қазақстанға келіп кеткен. Айдананы ұзатуға қатысты. Күні кеше Жүрсін Ерман 70-жасқа толды. Меретойға Женевадағы бас құда да шақырылды. Бірақ жұмыс бабына байланысты келе алмаған.

Тедрос Гебреисус құда келем деген. Бірақ келе алмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының съезі болып қалды. Содан бейнеқұттықтау жіберді. Қазақша сөйледі. Соңында менің бір ауыз өлеңімді де оқып берді, — деді Жүрсін Ерман.

Жүрсін Ерманның айтуынша, немересі Айдана шетелде қалса да, төл мәдениеті мен өнерін ұмытпайды. Өзімен бірге домбыраны алып кеткен. Ән айтып, күй тартады. Ал атасына қазақ тілін үйретіп қойған.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Instagram-парақшасында қазақстандық ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманды 70 жас мерейтойымен құттықтады.

Рубрика: