Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Полиция Жамбыл облысындағы жарылыстар жайлы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме беріп.

27 тамызда Instagram әлеуметтік желісінің мониторингі барысында полиция Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім аумағында орын алған жарылыстарға байланыстыжалған ақпарат таратқан  адамды анықтаған. Ол жарылыстарды қуатының күшті болуына байланысты оларды бәсеңдету мүмкін болмайды, зардап шеккендер саны өте көп, оның ішінде дене мүшелері бірінен бірі ажыратылғандар да бар дейді.

“Бұл хабарлама жалған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы “Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, полиция мұндай қылмыс жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.  

Рубрика: