АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жалғызсырап жүрсің бе? Бұған қолыңдағы телефон кінәлі[:]

[:kz]

«Жалғызсырап жүрсің бе? Зеріктің бе? Бұған қолыңдағы телефон кінәлі». Бұл туралы Vox басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды деп жазады  jasqazaq.kz

Мақала авторының жазуынша, қазіргі адамдардың сезімі 19 ғасырда өмір сүрген адамдарға қарағанда көп өзгеше. Бұған технологиялар әсер еткен. «Зерттеушілер әлеуметтік желілер адамды өзімшіл етеді, көпшілігі жалғызсырап жүреді дейді.

Расымен де солай ма?», дей келе автор «Bored Lonely Angry Stupid» атты кітап авторы 19, 20 ғасрдағы адамдардың сезімдері қазіргі қоғамнан өзгеше болғанын айтады. «Технология қоғам мен адамның эмоциясына тікелей әсер етеді. Адамдар эмоциясын көрсету үшін технологияға жүгінеді. Дегенмен, технологиялар да адам эмоциясын өзгертеді», деп жазады автор. Вебер атындағы университет тарихшысы, жоғарыда аты аталған кітап авторы Сьюзен Дж. Мэтттің айтуынша, 19 ғасырда «жалығу, зерігу» деген түсінік мүлдем болмаған.

«Эмоция тарихын зерттеу жұмыстары көрсеткендей, әр ғасырда эмоция аты адамдардың ішкі сезімін әртүрлі сипаттаған. Яғни, қазіргі сезім аттары кезінде мүлдем басқа эмоцияны сипаттаған болуы мүмкін», деп жазады автор. Оның айтуынша, 1920 жылдары адамдар радио өздерін жалғыздықтан құтқара алады деп ойлаған.

«Қазір радионың орнын смартфон басты. Смартфон арқылы адам жалғыздықтан құтылғысы келеді. Әлеуметтік желі пайда болғалы адамдар суреттерін өңдеп салады. Осылайша өздерін көрсеткісі келеді. Өздерін маңызды сезінгісі келеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл сезім адамдарды ызалы ете түседі», деп жазады автор.

 

[:]