АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Жалғыздық Аллаға ғана тән»: Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құру туралы айтты [:]

[:kz]

 

Екі некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова тағы тұрмыс құруы мүмкін екенін жасырмайды. Әнші көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші күйеуімен ажырасқан соң, әнші ерлер қауымына деген сенімінің төмендегенін айтқан еді. «Енді жүрегім тас әрі қол» деген Мөлдір оны жібітетін адамның барына күмән келтірді. Алайда уақыт өте келе ол ойынан айныған ұқсайды. 

Үшінші рет тұрмыс құру туралы сауалға әнші: 

«Жалғыздық Аллаға ғана тән», —  деп жауап берді. 

Бұдан бөлек, өнер иесі шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол қарамағындағы «Назар» тобын сататынын хабарлады.

«Назар тобы» жобасын сатамын. Алуға ниет болса, хабарласыңыздар. Себебі жобамен айналысуға қолым тимейді», — деді Әуелбекова.

[:]