АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Жақындарым мені Билл деп атайды»: Ерекше есімді алматылық полицей өзінің өмірі жайлы айтып берді[:]

[:kz]

 

WhatsApp мессенджері арқылы Биллклинтон Осипов есімді учаскелік полицей жайлы ақпарат тараған. Ерекше есімді полицей журналистерге сұхбат беріп, өз өмірі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биллклинтон Осипов Оңтүстік Қазақстанның тумасы, 1996 жылы дүниеге келген. Мұндай ерекше есімді ата-анасы қойған екен. 

«Әр уақытта шын есімің осылай ма деп сұрайды. Төлқұжат бойынша осылай және өзіме ұнайды. Бала күнімде барлық назар менде болғандықтан, ыңғайсыз болатын. Қазір барлығы жақсы», — деп бөлісті Биллклинтон Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында. 

Полицей есімін өзгерту жайлы ой мүлде келмегінін айтады. 

«Жақындарым мен туыстарым мен жай ғана Билл деп атайды», — деп қосты ол. 

Биллклинтон жайлы телеарналар репортаж түсіріп, ерекше есімді бала туралы шығарылым дайындаған. Сонымен қатар тілшілер бала Биллклинтонды АҚШ президенті Билл Клинтонмен салыстырып, дәл президент секілді өзіне сенімді деп айтқан. 

Анасының сөзінше, ұлының АҚШ президентіне ұқсағанын қалаған.

«Мен ұлымның әдемі әрі дені сау болып өскенін қаладым. Сол уақытта теледидардан Билл Клинтонның сөз сөйлегенін көргенмін. Тартымды ер адам», — дейді Қабила Осипова.

БиллКлинтон мектепте мұғалімдердің де есіміне таңданғанын жасырмады. 

«Мектепте жаңа мұғалімдер келгенде журнал бойынша танысып шығатын. Кезек маған келгенде “Осипов Биллклинтон Серікұлы кім?” деп сұрайтын. Мен үндемей отыратынмын. Бірнеше рет сұраған соң мен екенімді айтатынмын. Сонда барлығы күлетін», — дейді полицей. 

Ерекше есімді алматылық әскерде борышын атқарып, банк саласында жұмыс істеген. Сонымен қатар бала күнінде саксофонда ойнағанды армандағанын айтты. 

«Есімде, кішкентай кезімде саксофоным болса деп армандайтынмын. Енді бұл арманым орындалады деп сенемін», — деді Биллклионтон Осипов. 

[:]