АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Заңсыз пайдалануда»: Нұртас Адамбай «Келинка Сабина» үшін соттаспақ (фото) [:]

[:kz]

 

Отандық танымал режиссер Нұртас Адамбай «Келинка Сабина» брендімен өнім шығарып жатқан адамдарды сотқа бермек. Өнер иесінің заңгері бүгінде сотқа арыз дайындауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Адамбай өзі ойлап тауып, дамытқан брендттің атын заңсыз пайдаланып жатқандар туралы Instagram парақшасында айтып берді.

Әзілкештің сөзінше, әлдекімдер оның рұқсатынсыз атышулы «Келинка Сабина» атымен өнім шығарып, пайда көріп жатыр.

«Достар, өз қалаларыңыздағы дүкендерден «Келинка Сабина» брендімен шығарылған өнімдерді көрсеңіздер, маған күнін белгілеп видео түсіріп жіберулеріңізді сұраймын. Бейнежазбадан уақыт пен дүкеннің аты көрініп тұруы керек. Қазіргі таңда заңгер біздің компанияға тиесілі «Келинка Сабина» брендін заңсыз пайдалану бойынша сотқа шағым дайындау үстінде. Біздің адал оқырмандарымыздың арқасында бір оқиғаны анықтадық. Қолдауларыңызға рахмет», — деп жазды Адамбай.

 

kaz.nur.kz/

 

[:]