АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Zа наших»: Білім министрі Назарбаев Университетіндегі арандатушылық плакатқа қатысты пікір білдірді [:]

[:kz]

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев Университетіндегі кабинеттердің бірінде «Zа наших» жазбасы бар плакатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Ресей әскерін қолдау мақсатында «Назарбаев Университеті» қызметкерлерінің бірінің кабинетінің есігінде «Zа наших» плакаты пайда болған болатын. 

Осы жағдайға пікір білдірген Асхат Аймағамбетов барлық азамат заң алдында тең, заңнама талаптары бәріне бірдей таралатынын, олар заңнамаға қайшы ұстанымын білдірсе, онда жауапкершілікке тартылатынын айтты. 

“Бұл жағдай туралы әзірге хабарсызбын. Екіншіден, Назарбаев Университеті автономды мәртебеге ие, Білім және ғылым министрлігіне есеп бермейді», – Асхат Аймағамбетов.

Министрдің пайымынша, қандай мамандық иесі болса да, осындай заңға қайшы әрекет жасауға болмайды.

«Егер қандай да бір қадаммен заңнаманы бұзса, барлығы секілді жауапкершілікке тартылады. Мұғалімдерге қатысты тоқталсақ, бізде педагог этикасының кодексі бар және онда барлығы нақты жазылған. Олар осы этикалық ұстанымдарға, талаптарға сәйкес болуы керек. Оның аясында ата-аналармен, балалармен, өздерінің әріптестерімен қарым-қатынаста аталған ұстанымдарды ескеруі керек. Оларға өздерінің позициясын, соның арасында саяси ұстанымын басқаға міндеттеуге жол берілмейді», – деді министр.

«Олар білім береді және оны тек оқыту бағдарламасы аясында жүргізуі керек. Ал заңнама талаптарын бұзатындай өзінің саяси ұстанымын немесе насихатын міндеттеуге рұқсат етілмейді», — деді Асхат Аймағамбетов.

 

[:]