АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]“Ұшаққа билет, қонақ үйден номер алып бергім келіп тұр”: Қайрат Құдайберген ешқашан ұшаққа мінбеген жұпты іздеуде[:]

[:kz]

 

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген әлеуметтік желіде ұшаққа ешқашан мініп көрмеген жұпты іздеуде.

Ол бұл жұпқа ұшаққа билет пен қонақ үйден номер алып беруге уәде берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видеода әлдебір жігіттің әйелі ұшақты ешқашан көрмей, алғаш рет алыстан көрген таңданысын көрсетті.

Осы видеоны көрген кәсіпкер бұл жұпты іздеп, оларға ұшаққа билет алып беріп, тіпті қонақ үй номер алып беретінінде жеткізді.

“Осы жұпты табуға көмектесіңіздерші!

 

Оларға өз атымнан Астана қаласына серуендеу үшін самолетке билет және «Ritz-Carlton Astana» қонақ үйінен номер алып бергім келіп тұр.

Ин ша Аллах армандар орындалады!

Осы тамаша адамдарды білсеңіздер дайректке хабарласыңыздар!

Алдын-ала рахмет”, — деп жазды Қайрат Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Кейін белгілі болғандай, видеодағы жігіттің 60 мыңға жуық оқырманы бар екені белгілі болды.

[:]