АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]«Ұрып-соғып, тепкілеген»: Бастауыш сынып оқушыларына әлімжеттік көрсеткендер анықталды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Степногорскте спорт саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары бастауыш сынып оқушыларына әлімжеттік жасаған. Полиция бұл істі қолға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода жоғары сынып оқушыларының бірі екі баланы ұрып-соғып, тепкілеп жатыр.

Степногорск әкімдігінде  осы оқиға бойынша шұғыл кеңес өткізілді.

«Біз облыстық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға және Ақмола облысының спорт басқармасына осы жағдайға жол берген облыстық мектеп-интернат әкімшілігіне қатысты шаралар қабылдау туралы хат жолдаймыз. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар мен мектеп әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова.

Ол 14 жасқа толмаған балалардың қылмыстық қудалаудан құтылатынын түсіндірді. Дегенмен, жасөспірімдердің барлығы интернаттан шығарылып, қалалық ювеналды полицияның есебіне алынады және басқа да шаралар қабылданады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылуына байланысты 18 жасқа толмағандарға көруге тыйым салынады.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]