Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлеуметтік желілерде байлаулы тұрған сарбаздың видеосы таралып жатыр. Желідегі мәліметке сүйенсек, бейнежазба Алматы облысында түсірілген. Кадрларда жас жігіттің байлаулы тұрғанын, қатты айқайлағанын, оны өзге сарбаздардың әрең ұстап отырғанын, тағы бір ер адамның Құран сүрелерін оқып тұрғанын байқауға болады. Видео кейіпкері ҰҚК шекара қызметінде борышын өтеп жүргені анықталды.

Ведомство ресми сайтында болған жайтқа қатысты пікір білдірді. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, әскери қызметші Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментімен 2021 жылғы 25 қыркүйекте мерзімді әскери қызметке шақырылған. 27 қыркүйекте қызмет өткеру орнына келген.

“Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы оны әскери қызметке жарамды деп таныған”, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге 29 қыркүйекте құрысу ұстамасының белгілерімен Үшарал қаласының орталық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды. 30 қыркүйектен бастап Алматы қаласы ҰҚК госпиталінде тексерілуде.

 

Әскери-дәрігерлік комиссия оның одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылдайтын болады”, – делінген хабарламада.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: