АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Түсіме кірдің тағы да: «Мұрат Әбділданың әнін хормен орындаған мектеп оқушыларының видеосы желіні шулатты (ВИДЕО) [:]

[:kz]

 

Мектеп оқушыларының блогер, тікелей эфирге шығып, әртүрлі әңгімелер айтып танылған Мұрат Әбілдәнің әнін айтып желіні шулатты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оқушылардың Мұрат Әбілдәнің әнін айтып отырған сәті бар видеоны шығарған Дәулет Мұқаев «Мектеп тик-ток, инстаграм трендін насихаттайтын орын емес екенін» айтты.

«Халық әндері мен патриоттық әндерге қарағанда Мұрат Әбілданың әні озған заман. Мектеп оқушыларының осы әнді айтқаны қаншалықты дұрыс? Әлде мектеп бағдарламасына еніп қойды ма? Асхат Аймағамбетов мырза не дер екен?

Мектеп білім мен тәрбие ордасы! Мектеп — тик-ток, инстаграм трендін насихаттайтын орын емес. 5 сынып оқитындардың «түсіме кірдің тағы да…» деп отырғаны дұрыс емес», — деп жазды Дәулет Мұқаев.

 

[:]