Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон және 2 sim-карта тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. В. есімді азаматша «Қарақшылық» бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған.

– Азаматша Е. В. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791, 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Рубрика: