АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ЕЛБАСЫНЫҢ «АЛҒЫС ХАТЫ» ТАБЫСТАЛДЫ[:]

[:kz]

«Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалында салтанатты шара өтті. Шарада ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан сайлауалды штаб мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Жиынды Отырар аудандық сайлауалды штаб жетекшісі А.Құрман ашып, белсенділерге Елбасы алғыс хатын табыстады.
Аудандық штаб жетекшісі А.Құрман: «Партияның жұмысына белсене атсалысқан әрбір азаматтар ортақ жеңіске өз үлестерін қосты. Аудан тұрғындарына сайлауалды бағдарламаны түсіндіру үшін талмай еңбек етті. Ең бастысы жерлестеріміз бізге сенім артты»,- дей келе, алдағы уақыттағы жауапкершілікті де еске салды. Себебі нақты істер партиясының ендігі міндеті 5 жылдық бағдарламаны толық жүзеге асыру.

 

Новости Казахстана. Алтын Орда

[:]