Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Орал қаласының тұрғыны Кәкима Қажипанова қызын 18 жерден пышақтап өлтірген қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайтынын жеткізді. Себебі тергеу амалдары төрт ай өтсе де, әлі аяқталмаған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

“Қызым үйге келгеннен кейін “Анашым, біз екеуміз екі түрлі адамбыз. Маған қол жұмсайды, түнімен ұйықтатпаған күндері болды. Аяқ жаққа отырғызып қояды, ұйықтап бара жатсам аяғымен түртіп оятады”, – деді. Жұмыстан автобуспен келеді, кейде дүкенге соғады, сондай кезде сәл кешігіп қалса, есікті кілттеп қояды екен. Сонда талай жаңбырда, желде, боранда сыртта жүрген шығар, соның бірін де айтқан жоқ қой. Тіл табысып кетеміз деп ойлаған секілді”, – дейді марқұмның анасы Кәкима Қажипанова.

Ал полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтірді деген күдікпен Орал қалалық әкімдігінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеу барысында кейбір мәселелерді нақтылау үшін арнайы сараптама тағайындалып, күдіктінің Алматы қаласына жіберілгені белгілі болды.

“Тергеудің қойған сұрақтарына жауап алу мүмкін болмады. Сондықтан стационарлық режимде психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізуге шешім қабылданды. Ол Алматы қаласында жүргізіледі. Ендігі сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз”, – деді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Күдіктінің қорғаушысы “ол бұрынғы әйелінің жұмысына барып, балаларының болашағын ақылдасқысы келді, оны өлтіру ойында болған жоқ” деп отыр.

“Қалтада жүретін сувенирлік пышақты қолданған. Міне, сот-медициналық сараптама бойынша 4 рет кеудесіне пышақ салған. Ал қалған 13-і – жеңіл жарақат! Қазір мен сізге Жоғары соттың қаулысын көрсетемін. Бүкіл жарақатты 30 секундтың ішінде салған. Ал енді анадай қатыгездікпен жасау үшін оған уақыт керек”, – дейді күдіктінің қорғаушысы Ғинаят Салықов.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: