Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт күнге еңбек демалысына кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында мәлімдеді. 

 

”Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады”, – деп жазды ол. 

 

Сондай-ақ, Берік Уәли президент демалысынан суреттер жүктеді.

 

kaz.nur.kz/

 

Рубрика: