Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

12 қазанда астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

“Келесі құжат – бұл Данагөйлер кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті. Бүгін біз Данагөйлер кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін”, – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Рубрика: