АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Терісі тартылып қалған»: Беті мен екі қолы күйіп кеткен шымкенттік балаға шұғыл көмек керек [:]

[:kz]

 

14 жасар Темірбек Абдурахман осыдан он екі жыл бұрын үйінде газ баллоны жарылуы салдарынан басы, беті мен екі қолын күйдіріп алған. Сол күні анасымен бірге үйде қалып қойған балақай он күн бойы жансақтау бөлімінде жатып,өлім аузынан қалған. Жылдар бойы баласының бас, бет, қол терісін қалпына келтіруге жүгіріп жүрген шымкенттік отбасы Абдурахманға ота жасатып, өз қатарластарына қосқысы келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абдурахман Темірбек жайлы бұған дейін де отандық БАҚ өкілдері талай жазған еді. Екі жасында анасымен бірге газ жарылған үйде қалып қойған оған Қазақстандағы дәрігерлер бірнеше рет ота жасап көрген. Алайда, еш нәтиже болмаған. Амалы таусылған анасы мен әкесі оны шетелге емдетуге бел буады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абдурахман Темирбек, 14 лет (@sos_abdurahman)

Осылайша, Шымкенттегі үйлерін сатып, көптің көмегімен өткен жылы пандемияға қарамастан Израильде 67 мың АҚШ долларына ота жасатып келген.

Негізі бізді Германияға шақырған. Бірақ, пандемияға байланысты ол жаққа бара алмай, Израильден хат келген соң, сол жақта жасаттық. Соған өте қуанып отырмыз. Себебі, нәтижесі біз ойлағаннан да жоғары болды. Олар беті, басы мен қолдарының терісін қалпына келтіруге үш кезең керек дейді. Өткен жылы көптің көмегімен алғашқысын жасаттық. Енді екінші кезеңге 54 мың АҚШ долларынан астам қаражат керек. Қазір 10 миллион теңгедей қаражат жиналды.

Олар бізді қарашаға шақырған еді. Өзімізде ондай ақша болмағандықтан, тағы да көптен көмек сұрап отырмыз. Ана ретіндегі бар тілегім, осы баламды тездетіп емдеп шығарсам деймін»,- дейді Абурахманның анасы Айнұр Исмағұлова. Көпбалалы ананың айтуынша, Абдурахман да еміне қажет қаражатты жинау үшін сурет салып сатады екен. Қуаныштысы, оның суреттерін, тіпті, шетелдіктер сатып алатын көрінеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абдурахман Темирбек, 14 лет (@sos_abdurahman)

«Кішкентайынан суретті жақсы салады. Картинаның күрделілігіне қарай кейде бар-жоғы бір-екі күнде, кейде төрт-бес күнде салып бітіреді.

Қазақстаннан бөлек, Ресейден де тапсырып берушілер көп. Өзіміздің шағын шаруа қожалығымыз бен қоғамдық моншамыз бар. Бірақ, көпбалалы отбасы болған соң тапқан табысымыз балалардың тамақ, киім-кешегінен аспайды және ота бағасы да тым қымбат болып тұрғандықтан, есепшот ашып, отаны жиналған қаражатқа жасатпақпыз»,-дейді Айнұр Исмағұлова.

Абдурахман Темірбекке көмек қолын созамын деушілер төмендегі шоттарға ақша аудара алады.

Kaspi Gold: 4400 4301 8383 6458 Анасы — Айнур Арипжановна Исмагулова, карта 87471153107 номеріне тіркелген ЖСН 790330400856 СБЕРБАНК KZ: 4578 3200 1045 5885

kaz.nur.kz

 

[:]