АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тергеу ақпараттары жарияға жатпайды»: Елжан Біртановтың қамауға алынғаны рас па[:]

[:kz]

 

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамауға алынғаны рас па? Дәл қазір азаматтардың дені осы сұраққа бас қатырып отыр. Өйткені, экс-министр жемқорлық фактісі бойынша ұсталыпты деген ақпарат интернетке шыққанымен, ресми органдар оны не растамай, не жоққа да шығармады. Ал, депутаттар бір ғана шенеунік емес, кінәсі дәлелденсе премьер-министрге дейін жауапқа тартылу керек дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Дәрігер бүкіл ақпаратты үйреніп қалған қағазға жазбай, электронды формада тікелей жазады. Оған, әрине, үйрену керек», — деді осыдан екі жыл бұрын бұрынғы денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов.

Ол осы салада цифрландыру жобасын қолға алған еді. Енді, осы жобаға бөлінген 526 млн теңгені ұрлады деген бейресми ақпарат шығып жатыр. 

 

Депутаттар осы салада атқарылған жұмыстарға қарап, шыққан ақпаратқа баға берді.

«Бүгінгі таңда халқымыздың денсаулық саласында көптеген олқылықты айтап жатқанына қараған кезде, әлде де цифрландыру мәселесі денсаулық сақтау саласында толығымен орындалған жоқ. Біртановты сондайға барды деп сенгім келмейді, бойы да, ойы да үйлескен азамат еді, білмеймін енді, кім біледі», — деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Ал қаржылық миониторинг агенттігі Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты ресми жоққа шығармады. Тек «тергеу ақпараттары жарияға жатпайды» деп тергеу жұрып жатқанын растағандай болды. 

Мәжілісмендердің кейбірі басқасы басқа, бірақ дәл осы әлеуметтік саладағы жемқорлық мыңдаған адамның өмірін қиды деп отыр. 

«Коронавирус кезінде қаншама адам сол жемқорлықтың кесірінен қайтыс болды. Біздің мәліметіміз бойынша, тек шілде айында, 15 мыңнан аса азамат қайтыс болған, осы ковидтің кесірінен», — деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев.

Депутат 2018 және 2019 жылғы шілде айында қайтыс болғандар санынан биылғы шілде көз жұмғандардың 15 мыңға артық болғанына байланысты осындай тұжырым жасап отыр екен. Дегенмен, тек Біртановты кінәлі қылғанмен, денсаулық сақтау саласындағы мәселе шешілмейтінін айтты.

«Біртановтың кінәлі ме, үкімет пе, әлде премьер-министр кінәлі ме, осыны тәуелсіз комиссия құрылып, немесе өкіметтің жанынан, немесе парламенттің жанынан, олар өзінің тәуелсіз тергеуін өткізуі керек», — деді депутат Нұржан Әлтаев.

Айта кетейік, 3 ай бұрын денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев ұсталды. Оған цифрландыруға бөлінген 500 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Ресми расталмаған Біртановқа қатысты ақпаратта да осы сан айтылады. «СК Фармацияның» бұрынғы басшысының тергеуге алынғаны тағы бар.

[:]