Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кенішіндегі жұмысшылары Маңғыстау облысындағы наразылық акциясына шыққандарды қолдап мақсатында ереуілге шықты

Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кенішіндегі жұмысшылары Маңғыстау облысындағы наразылық акциясына шыққандарды қолдап мақсатында ереуілге шықты.

– Теңіз ереуілде! Біз Маңғыстауды қолдаймыз! – деді әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінің авторы.

2 қаңтар күні Жаңаөзенде жаппай сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты наразылық шеруі басталды. Сол күні түнгі уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында мәлімдеме жасап, жағдайдың бақылауда екенін жазды. Сондай-ақ, азаматтардың өз ойын ашық айтуға құқығы бар екенін жеткізді. Президент тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылып, газ бағасы 120 теңгеден 85-90 теңгеге төмендейтіні хабарланды. Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген топ алдына шығып, диалог құруға тырысты.

 

Қазақстанның әр өңірінде Жаңаөзен халқын қолдау үшін бейбіт жиындар өтті. Энергетика министрі журналистердің сауалына жауап бере отырып, жауапкершілікті сезінетін айтты. Ақтауға әскери үлгідегі екі ұшақ келіп қонғаны туралы ақпарат тарады. Мемлекет басшысының тапсырма бергеніне 24 сағаттан асқанымен наразылық білдірушілер әлі тарқамаған. Алаңда газ бен ел үкіметіне қатысты түрлі ұрандар айтылып жатыр.

Sn.kz порталы

Рубрика: