АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Теміртауда әйелінен ажырасқан ер азамат қалың малды кері қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінген[:]

[:kz]

Теміртауда ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар қалың мал мен жасауды кері қайтарып алу үшін бір-бірімен соттасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сотқа ең алғашқы болып әйел арыз түсіріпті. Ол ұзатылған кезде туыстары әкелген жасауды ажырасқан күйеуінің үйінен кері қайтаруды ұйғарған. Бұған жауап ретінде ер азамат оған қарсы шағым түсіріпті. Өз кезегінде ол қызға құда түскенде берілген қалың малды қайтаруды талап еткен. 

 

“Мұндай іс елімізде көп тіркеле бермейді. Сондықтан мұндай дауды шешудің белгілі бір әдісі жоқ. Аталған оқиғаға қатысты екі тараптың да талабы жартылай қанағаттандырылған үкім шығарылды. Ер азамат бұрынғы әйеліне оның жасауымен келген мүлікті қайтаруы тиіс, ал келіншек қалың мал ретінде берілген соманың жартысын өтеуі міндетті”, – делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

[:]