АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Таяқ ұстап жүрген апа емеспін»: Мақпал Жүнісова Алматы әкімдігіне ренішін айтып ашынды[:]

[:kz]

Мақпал Жүнісова Алматы әкімдігіне өкпелі. Бұл жайында бүгінге дейін тіс жармаған өнер иесі ашығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz арнасына сілтеме жасап. 

Басты себеп жыл сайын тойланатын қала күніне шақырылмауында болса керек. 

«Бір концертіне қатыстырған жоқ. Алматы күні, Алматы түні деген сияқты. Енді қайдан білейін? Кім біледі оны? Мен де білмеймін неге шақырмайтынын. Мен таяқ ұстап жүрген апа емеспін ғой жүре алмайды дейтіндей. Әрі-бері секіріп жүрген адамбыз гастрольдетіп. Бірақ мені шақырмайды», — деді халық әртісі. 

Әуелде бұл әрекет бір ғана басшының қалауы деп ойлаған едік. Бірақ қала әкімі бірнеше мәрте ауысқанымен, жағдай өзгерген жоқ. Биыл да баяғы жартас сол жартас. 

«Қанша әкім ауысты? Бір әкім маған «Мақпал, айналайын, қала күніне келіп ән салып бер» деп айтқан жоқ. Ал енді шақырмаған жерге мен бармаймын. Мен ренжідім. Сағынтаев ағамыз мүмкін басқаша әкім шығар. Ендігі жылы мүмкін мені шақыратын шығар», — деді Мақпал Жүнісова. 

Халық әртісінің өкпесі қара қазандай. Алып шаһардың шенділеріне шерін жеткізген Жүнісованың ендігі үміті су жаңа әкім Бақытжан Әбдірұлында. 

Stan.kz

[:]