Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

“Талибан” радикал қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жауынгерлері Кабулдағы Норвегия елшілігін басып алды. Бұл туралы Ирандағы Норвегия елшісі Сигвальд Хауге өз Twitter парақшасында жария етті. Дипломаттың сөзіне сенсек, олар елшілік ішінде бөтелкелерді шағып, балалар кітабын жоюға кіріскен.

“Тәліптер қазіргі уақытта Кабулдағы Норвегия елшілігіне баса-көктеп кірген. Елшілікті көп ұзамай қайтарып беретіндерін айтты. Бірақ, алдымен ондағы шарап бөтелкелері мен балалар кітабының көзін құртуда. Олар кітаптан гөрі қару-жарақты әлдеқайда қауіпсіз санайтын сияқты”, – делінген хабарламада. Еске салсақ, бұған дейін “Талибан” (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілі Забихулла Муджахид Панджшер провинциясы толығымен басып алынғанын және тәліптердің бақылауына өткенін мәлімдеген еді. Одан бөлек, тәліптер Кабулда жергілікті тұрғындарға оқ жаудырған болатын.

Мұнда жергілікті тұрғындар тәліптерге қарсы ереуілге шыққан. Т

kaz.nur.kz

 

Рубрика: