АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Сирек кездесетін қауіпті дертке шалдыққан тараздық Айсезімге 1 миллиард теңге жиналды [:]

[:kz]

 

Әлемдегі ең қауіпті дерттердің бірі — жұлын-бұлшық ет атрофиясына шалдыққан тараздық бүлдіршін Айсезім Еркінге 1 миллиард теңге жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үш айынан бастап ауыр дертпен күресіп келе жатқан Айсезімнің жағдайы ел тұрғындарына жақсы таныс. Кішкентай бүлдіршіннің ата-анасы баласының қауіпті дертке шалдыққанын уақыт өте келе біледі. Қан талдауын Мәскеуге жіберген соң, Айсезімнің өте сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққаны белгілі болады.

Өткен жылдың көктемінде Айсезімнің ата-анасы Сағыныш пен Салтанат қызын құтқару үшін халықтан көмек сұрап, елден жылу жинай бастады. Өйткені, 1 миллиард теңге қарапайым отбасы үшін өте үлкен сома еді.

Жұлын-бұлшық ет атрофиясын емдеу үшін Zolgensma препаратын алу керек. Ал бұл дәрінің бағасы 1 миллиард теңге тұрады. Қуанышқа қарай, бірнеше айдан соң, халықтың көмегімен 1 миллиард теңге жиналды.

Айсезімнің еміне ақшаны тез жинау үшін елімізге танымал тұлғалар, блогерлер білек сыбана кірісті. Айнұр Тұрсынбаева, Луина, Нұрболхан Шарапов, Елдос Колобок, Дәулет бастаған бір топ белсенді үзіліссіз тікелей эфир жүргізіп, Айсезімнің еміне қажетті қалған ақшаны халықпен бірге жинап берді.

Бүгін түнде қарапайым халықтың, елге белгілі адамдардың көмегімен емге жетпей тұрған 125 миллион 444 мың теңге толық жиналды.

«Халыққа алғысым шексіз. Бізге бір тиын болса да жолдап, көмек қолын созған барша адамға бас иемін. Ешкімді бөліп-жармаймын, бірақ, волонтерлерге арналған чаттағы жандардың барлығына рахмет! Солардың бірі — менің туған әпкем Ұлдана», — деді Айсезімнің әкесі Сағыныш.

Осылайша, былтыр көктемнен бері қызының еміне жанұшыра көмек сұраған ата-ана қажетті сомаға қол жеткізді. Енді олар Айсезімді емдеу үшін шетелге аттанады.

 

 

[:]